«Астана» Халықаралық Қаржы Орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовтің алғы сөзі

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы атынан «жасыл» экономикаға жаһандық көшу тұрғысынан бәріміз үшін өте маңызды болып табылатын Қазақстанның «Жасыл» қаржы жүйесі виртуалды платформасына қош келдіңіздер.

«Жасыл» экономикаға көшу экономиканың «жасыл» өсуін және тұрақты дамуды қолдау үшін тиімді қаржы құралдарын әзірлеу және енгізу қажеттігін анық көрсетеді.

Сондықтан «жасыл» қаржы құралдарын енгізу «Астана» Халықаралық қаржы орталығын дамытудың шешуші элементтерінің бірі болып табылады.

«Жасыл» қаржыландыру тұжырымдамасы салыстырмалы түрде әлемдік қаржы индустриясындағы жаңа тенденция болып табылады. Үстіміздегі жылы Қытайдың бастамасы бойынша «жасыл» қаржыландыру G20 саммитінің күн тәртібіне бірінші рет енгізілген болатын.

Шын мәнінде «жасыл» қаржыландыру «жасыл» экономикаға көшудің қозғаушы күші бола отырып, «жасыл» жобаларды жүзеге асыру мақсатында жеке капиталды жұмылдыру үшін жағдай жасайды.

Мен бұл веб-сайт ол арқылы «жасыл» қаржыландыру саласындағы ең батыл шешімдер іске асырылатын алғашқы пікірталас алаңына айналады деп үміттенемін.

Қазақстанның «Жасыл» қаржы жүйесін жүзеге асыруда Сіздерге сәттілік тілеймін!