Қазақстанның «Жасыл» қаржы жүйесі

«Қазақстанның „жасыл“ қаржы жүйесі» жобасы деректерді жинау, сценарий модельдеу, сондай-ақ саясат пен нормативтік өзара әрекеттесуді бағалау арқылы «жасыл» қаржы жүйелері туралы ақпарат алуға және түсінуге көмектеседі.

 

  1. Ұлттық деңгейде (NDC) анықталатын болжамды үлеске, «Жасыл» экономика тұжырымдамасы мен оған қатысты климат және экология саласындағы саясаттарға, сондай-ақ нормативтік ережелерге (мысалы, энергияны тиімді пайдалану, қайта өндірілетін энергияны пайдалану, Шығарындыларға арналған квоталар саудасының қазақстандық жүйесі мен су көздерін қорғау, сарқынды суларды және қалдықтарды өтелдеу, қалалық көлік, өнеркәсіптік шығарындылар, т.б.реттеу бағдарламалары) негізделген «жасыл» инвестицияларға деген сұранысты бағалау;
  2. Қажеттілікке қарай, ағымдық қаржылық, саудалық және нарықтық ережелер мен институттық механизмдерді талдау жолымен «жасыл» қаржыландыруда кездесетін нормативтік кемшіліктер мен кедергілерді анықтау, үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес салыстыру, сондай-ақ ұсынбалар беру;
  3. Париж келісіміне сәйкес жариялылықты жүзеге асыру шараларынан оза шығу аясында және ұлттық деңгейде анықталатын болжамды үлес (NDC) аясында климат өзгерістерінің алдын-алу саласындағы жобаларды қаржыландыру және «жасыл» қаржыландыруды бақылау және қадағалау, мониторинг және есептілік жүйелері бойынша анықтамалар мен ұсынбалар ұсыну.
  4. қаржы инвесторлары жүзеге асыратын инвестицияларға арналған атмосфераға шығарылатын парник газдарының шығарындылары бойынша деректерді жария ету және қаржы делдалдарына арналған Экваторлың принциптері сияқты қаржыландырудың «жасыл» стандарттарын енгізу.
  5. Қазақстан «жасыл» облигацияларының, құрылымдалған «жасыл» қаржы құралдарының және «жасыл» инвестициялық қорлардың, оған қоса ерекше құқықтық және институттық жағдайлардың ішкі және халықаралық нарықтарын дамыту;
  6. Шығарындыларға арналған квоталар саудасының қазақстандық жүйесінің және халықаралық көміртегі шығарындыларына арналған квоталар саудасы жүйесі шеңберінде қаржылық делдалдар көрсететін көміртегі шығарындыларына арналған квоталар саудасы нарығындағы қызметтерді дамыту.
  7. Мемлекеттік бірге қаржыландырудағы сұраныс пен құрылымдық қажеттіліктердің аспектілерін қарастыру.