АХҚО және «Жасыл» қаржыландыру

«Жасыл» қаржыландыру АХҚО ең үздік құқықтық жүйесі, реттеу режимі, қор биржасы, Ұлттық әл-ауқат қоры және ең жақсы жағдайлармен қатар 6 ең басты басымдықтың бірі, сондай-ақ 2016 жылдың мамырында құрылған АХҚО даму стратегиясында анықталған 5 негізгі арқаудың бірі болып табылады.

 

АХҚО Стратегиясында көрсетілгендей, басты назарға АХҚО тұрақты экономикалық өрлеу мен «жасыл» қаржыландыруды дамытуға қолдау көрсету алынуы тиіс. Тұрақты экономикалық өсім экономиканың экологиялық және әлеуметтік компоненттерін ескере отырып, өрлеуін көздейді. Экологиялық құрамды бөлігінің экономикасы дәстүрлі қуат көздері болып табылатын пайдалы қазбаларды өндіруге тәуелді болып табылатын Қазақстанның дамуы үшін өте маңызды. Қайта өндірілетін энергетиканы пайдалану технологиялары ЭКСПО-2017 басты тақырыбына айналады. ЭКСПО-2017 бірегей инфрақұрылымын пайдалану кезінде АХҚО платформасында қайта өндірілетін қуат технологияларына қолдау көрсету ерекше назарға алынуы тиіс; сондықтан АХҚО МФЦА экологиялық жобаларға арналған инвестициялар алаңы болуы тиіс. АХҚО қаржыландырудың «жасыл» бағдарламаларын жүзеге асыру, соның ішінде «жасыл» облигацияларды шығару үшін ашық болуы тиіс.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен 2016 жылдың 27 мамырында өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 29-шы пленарлық мәжілісінің барысында Нұрсұлтан Назарбаев АХҚО-на АХҚО бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудың негізгі компоненті ретінде АХҚО негізінде «Жасыл» қаржы жүйесін құру және дамыту мәселесін қарауды тапсырды.

 

АХҚО Стратегиясының толық нұсқадағы мәтінін қараңыз.