Негізгі бағыттар

Бастапқы кезеңде АХҚО капитал нарығы дамыған жергілікті сараптама орталығы  ретінде құрылатын болады. Содан кейін АХҚО қаржы делдалдығына арналған аймақтық платформаға, ал кейіннен өңірлік қаржы орталығына айналуы тиіс. Одан кейінгі кезеңде ол жаһандық қаржы орталығына айналады.

 

АХҚО үкіметтің экономикалық саясатындағы рөлі суверенді капиталды тиімді басқару және қаржылық қызметтер саласындағы тәжірибені жинақтау үшін платформаны ұсына отырып, ұзақ мерзімді капитал саясатын әзірлеуден тұрады.

 

Сонымен бірге АХҚО жергілікті қаржы жүйесін, адами және технологиялық капиталды жетілдіру және Астананы Еуразия аймағының  қаржылық және логистикалық орталығы ретінде орнықтыру мақсаттарына қол жеткізудің негізгі құралы ретінде толық саяси қолдауға ие болды.

 

АХҚО жергілікті сараптама орталығы ретінде құрылуы жергілікті капитал нарықтарының дамуымен қатар жүруі тиіс. Осы айтылғандарды ескере отырып, жергілікті капитал нарықтарының дамуында мемлекеттік бағалы қағаздар көлемі мен түрлерін ұлғайтуға, сондай-ақ эмитенттер мен инвесторлар үшін үздік платформа мен жұмыс базасын құру арқылы АХҚО биржа алаңында мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруді ынталандыруға ерекше көңіл аударылатын болады.

 

АХҚО биржа алаңында бірқатар қаржы құралдарының қолданылуы кеңейтілетін болады. Бұған шетелдік инвесторлар жолындағы кедергілерді азайту және олардың сеніміне ие болу, қолжетімді құрал түрлерін көбейту мен халық үшін қаржылық сауаттандыру бағдарламасын қайта бастау арқылы қол жеткізілмек.      

Қысқаша айтқанда АХҚО актив иегерлерінің, инвестициялық және коммерциялық банктердің, қорлардың, баламалы қаржыландыру ұйымдары мен қаржылық-техникалық фирмалардың жайлы жаңа үйіне айналуы тиіс.

 

Капитал нарықтары, активтерді басқару, жеке клиенттерге банк қызметтерін ұсыну, қаржылық технологиялар, исламдық және «жасыл» қаржыландыру сияқты АХҚО дамуының 5 шешуші қағидасы 2016 жылдың мамырында бекітілген АХҚО даму стратегиясында анықталған болатын.

 

Бұл 5 шешуші қағиданы іске асыру Астананы аймақтағы негізгі қаржы орталық ретінде жайғастырады.

 

Қосымша ақпарат алу үшін АХҚО ресми сайтын қараңыз: www.aifc.kz