«Астана» Халықаралық қаржы орталығының" (АХҚО) нормативтік-құқықтық базасы

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы" (АХҚО) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес ерекше құқықтық режимге ие және ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аяқталғаннан кейін оның инфрақұрылымы базасында орналасуы тиіс.

 

2015 жылдың аяғында қабылданған Конституциялық заң АХҚО үшін құқықтық негізді қамтамасыз етеді.

 

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы инвесторларға посткеңестік кеңістікте баламасы жоқ, теңдессіз артықшылықтарды, соның ішінде:

  • ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің бірегей сәулеті негізінде құрылған заманауи инфрақұрылым;
  • 50 жыл бойы салық төлеуден (қаржылық және қосалқы қызметтерден түсетін табыстарға салынатын корпоративтiк табыс салығы, жеке табыс салығы, жер салығы, мүлік салығы) босатылу;
  • кеңсені 2 жыл бойы тегін жалға алу;
  • АХҚО қатысушылары мен қызметкерлері үшін оңайлатылған визалық режим және еңбек ету шарттары;
  • Астананың тікелей әуе қатынас арқылы дүние жүзі бойынша ең маңызды қаржы орталықтарымен байланысын ұсынады.

 

АХҚО басты ерекшелігіне жалпы құқық қағидаттарына негізделген бөлек құқықтық жүйесінің болуы жатады. Халықаралық арбитраж орталығы мен АХҚО қаржы соты өз қызметтерін сол жүйеге сәйкес жүзеге асыратын болады.

 

Қосымша ақпарат алу үшін мына сілтемені басыңыз