Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ)

Қазақстан Республикасы қуатты және қуаттың қайта өндірілетін көздерін тиімді пайдалану саясатымен қатар «Жасыл» экономика тұжырымдамасын қолдауға арналған нормативтік-құқықтық реформаларды, соның ішінде Шығарындыларға берілетін квоталар сауда-саттығының қазақстандық жүйесі (К-ETS) жасақтау мен дамытуда мардымды ілгерілеуге қол жеткізді. Еуропа қайта құру және даму банкісінің (ЕҚДБ) қолдауымен Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының климат өзгерістері жөніндегі негіздемелік конвенциясы (БҰҰ КӨНК) бойынша өзінің Болжамды ұлттық салымын (NDC) ұсынды. БҰҰ КӨНК тараптары Конференциясының 21-ші сессиясында 2015 жылдың желтоқсан айында 4 қарашада заңды күшіне енген Париж келісімі мақұлданып, Қазақстан осы келісімге қосылып, оған қол қойды. Қазақстан Республикасы сондай-ақ «Болашақтың қуаты» тақырыбымен өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмеге дайындалуда.

 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) ЕҚДБ-не «Жасыл» қаржы жүйесін (ЖҚЖ) жасақтау және дамытуға қол ұшын беру туралы өтінішпен жүгінді. Қазақстанның «Жасыл» қаржы жүйесі (ЖҚЖ) Қазақстанның «Жасыл» экономикасына инвестициялар енгізуде қосымша қолдау көрсететін болады. Жобаны Финляндияның Жұмыспен қамту жөніндегі министрлігі мен Экономика саласындағы техникалық ынтымақтастық қоры арқылы Финляндия қаржыландырады. Бұл сұраныс бүгінгі таңда «жасыл» инвестициялар кеңістігінің аясындағы өсім әлеуетінің үлкен болуына қарамастан «Жасыл» экономиканы дамытуда Қазақстанның қаржылық секторының қатысуын шектеу туралы тұжырымға қайшы келеді. Қаржы секторы Шығарындыларға берілетін квоталар саудасының қазақстандық жүйесі сияқты, дамып келе жатқан «жасыл» нарықтарға қаржылық қызмет көрсетуде маңызды рөл атқарады.

 

ЕҚДБ Қазақстанның «Жасыл» экономикасының тұжырымдамасын әрі қарай жүзеге асыруға өз үлесін қосуға ниет білдірді. Бүгінгі таңда 2006 жылдан бастап, ЕҚДБ Қазақстандағы климат саласын қаржыландыруға 1,46 млрд. астам евро ұсынды. Өзінің жақында іске қосылған «Жасыл» экономикаға көшу бағдарламасы арқылы өзінің «жасыл» инвестицияларын әрі қарай ұлғайтуға және өтпелі кезеңдегі тиісті қызметке қолдау көрсетуге ұмтылысын көрсетеді. Қазақстан Республикасы мен ЕҚДБ сонымен қатар қаржы секторына, қайта өндірілетін қуат көздеріне, қуатты және ресурстарды тиімді пайдалануға қатысты серіктестіктің қосымша мүмкіндіктерін орнатты.

 

Жоба Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы қатынастар, бүгінгі күні жүзеге асырылып жатқан саясаттар саласындағы түрлі зерттеулер, соның ішінде парник газдарының шығарындыларына берілетін квоталар саудасы нарығы конъюнктурасының нұсқаларын зерттеу, қайта өндірілетін қуат көздері тұрғысындағы диалог, шығарындыларға берілетін квоталар саудасының қазақстандық жүйесіне (ETS) қолдау көрсету және «Жасыл» экономика туралы заң негізінде құрылатын болады. Зерттеу сонымен қатар Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), Нарықты дайындау мақсатындағы серіктестікті ұйымдастыру (PMR), ICAP (Парник газдарының шығарындыларына берілетін квоталар саудасы саласындағы халықаралық әріптестік), ADB (Азия даму банкі) аясында, Норвегия, Германия ұйымдарының және USAID (Халықаралық даму агенттігі, АҚШ) қатысуымен дайындалған есептер сияқты басқа қатынастарды талдау нәтижесінде алынған есептердің енгізілуін қамтамасыз етеді.