«Жасыл» қаржыландырудың халықаралық орталықтары

Ұлыбритания мен Қытайды қоса, қазіргі таңдағы «жасыл» қаржыландырудың ең маңызды орталықтарының  мысалдары.

 

Ұлыбритания Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы бойынша жаһандық "жасыл" қаржыландыру орталығы болып жариялады. Ұлыбританияда жалғыз акционер ретінде әрекет ететін Ұлыбританияның үкіметі құрған әлемдегі бірінші "Жасыл" инвестициялар банкі (GIB) бар. Үкімет Банкке «жасыл» инвестициялар (GIB) үшін бастапқы капитал ұсынды, ол бүкіл Ұлыбритания бойынша коммерциялық шартпен "жасыл" жобаларды қолдау үшін және  Ұлыбританияның «жасыл» экономикасын инвестициялау мақсатында басқа жеке капиталды жұмылдыру үшін пайдаланылады.

 

Жуырдағы ЮНЕП  "Ұлыбритания: Дүниежүзілік орталық, жергілікті деңгейдегі динамика" (2016) баяндамасына сәйкес, қазіргі уақытта Ұлыбританияда ұзақ мерзімді  тұрақты қаржыландыру үшін алты басымдық бағыттары бар:

 

1. Әлеуметтік инновациялар: қаржыларды жеке құндылықтар мен әлеуметтік мақсаттармен үйлестіру - мысалы, "жанбайтын" көміртегі бойынша жұмыстар жүргізуден бастап жалпы мақсаттағы жүйесінің саласында жаңаша ойлауға дейін.

 

2. Институттық басқару: негізгі қаржылық секторлар орталығында, ең алдымен инвестицияларды басқарудағы факторларды орналастыру -мысалы, фидуциарлық міндеттемелердің заңнамалық комиссиясында қарау.

 

3. Капитал нарығын жұмылдыру: тұрақтылық принциптерін қарыз міндеттемелері, талдау нарығы және капиталды тарту және акционерлік капитал жөніндегі деректерді жария етуде пайдалану -мысалы, Лондон қор биржасында парник газдарының шығарындылары бойынша міндетті есептілік. «Жасыл» облигациялар да өсімнің маңызды саласы болып табылады: 2015 жылы Ұлыбританияда үлкендігі жөнінен үшінші «жасыл» облигациялар нарығы құрылды.

 

4. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру: Қаржыландыруды жұмылдырудың жаңа тәсілдері есебінен Ұлыбританияның тұрғын үй қорының  экологиялық және энергетикалық тиімділігін арттыру - мысалы, «жасыл» мәмілелер жасау механизмінің практикалық мирасқорын іздеу.

 

5. Пруденциалдық басқару: тұрақтылық принциптерін шешуші секторлар мен жалпы жүйенің қауіпсіздігі мен сенімділігіне енгізу -мысалы, Англия Банкі жүргізген сақтандыру және климат өзгеруі жүйесін талдау.

 

6. Мемлекеттік теңгерімдік есеп: көміртегі шығарындысы аз деңгейлі технологияларға, "жасыл" экономикаға көшу үшін салық және басқа ресурстарды жұмылдыру -мысалы, әлемдегі ең бірінші "Жасыл" инвестициялар банкін (GIB) іске қосу. 

 

Соңғы жылдары, Қытай "Жасыл" қаржы жүйесін құруға белсене атсалысты, қазіргі таңда Азияда "жасыл" қаржыландыру саласындағы көшбасшы болып табылады. "Қытайдың "жасыл" қаржы жүйесін құру» деп аталатын Қытайдың Халық банкі мен ЮНЕП баяндамаларының жинағы (2015ж.)  Қытайдың "жасыл" қаржы жүйесін жасақтау мен іске асыруға қатысты  анықтамалық құжаттар мен ұсынбалардың  толық жиынтығы болып табылады. Тиісті ақпараттық-талдау есептерінде келесі "жасыл" қаржылық тақырыптар сипатталған:

 

1. «Жасыл» банк жүйесі

2. «Жасыл» қорлар

3. Даму банктерінің «жасыл» бағыттылығын дамыту

4. Дисконтталған «жасыл» несиелер

5. «Жасыл» облигациялар

6. «Жасыл» IPO

7. Шығарындыларға арналған квоталар саудасы

8. «Жасыл» рейтинг

9. Қор кодексі

10. Қоршаған ортаны қорғау шығындарын талдау

11. «Жасыл» инвесторлар желілері

12. Міндетті «жасыл» сақтандыру

13. Кредиттік мекеменің жауапкершілігі

14. Ақпаратты міндетті түрде жария ету