Әлемдегі «жасыл» қаржы нарықтарын талдау

Климаттық тәуекелдер туралы ақпаратты жария ету жөніндегі арнайы кеңесшілердің жұмыс тобы

 

Климаттың өзгеруімен және G20 тобына жататын оның зардаптарымен күрес шараларын қаржыландыру

 

2016 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) «Жасыл» қаржыландыру және инвестициялар орталығын құрды, оның миссиясына «жасыл» қаржыландыру мен инвестицияларға арналған тиімді саясаттар, институттар және құралдарды жасақтау арқылы климат өзгерістеріне төзімді және шығарындыларының деңгейі төмен «жасыл» экономикаға көшуді белсендіру мен қолдауға көмек көрсету жатады.

 

Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) мен Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК) басқалармен қатар соңғы кезде «жасыл» қаржыландыру тұжырымдамаларын жасақтауға белсене атсалысуда және дамушы елдер мен нарықтық экономикасы қалыптасып келе жатқан елдерде «жасыл» қаржы жүйелерін құруға қолдау көрсетуде. Қытай, Кения және Индонезия сияқты елдердің мысалдары.