«Жасыл» қаржы жүйесі деген не?

«Жасыл» қаржы жүйесі кредиттер, жеке акционерлік капитал, облигациялар, сақтандыру және басқа қаржылық қызметтер мен аспаптарды шығару арқылы экологиялық қауіпсіз жобалар мен қызмет түрлерін қаржыландыруды басқаратын саясаттар, институттық механизмдер мен тиісті қаржылық инфрақұрылым сериясына жатады.

 

Қоғамда Жаһандық қаржы жүйесі тұрақты дамуға белсенді ықпал етуі тиіс деген көзқарас қалыптасқан. Соңғы жылдары тұрақты дамуды қаржыландырудың ауқымы мен жеделділігінің арқасында, сондай-ақ мемлекеттік сектордың қаржыландыру көзі ретіндегі рөлін атқаруға жалғыз өзінің күші жетпейтініне көз жеткеннен кейін «жасыл» қаржы жүйесінің тұжырымдамаларына бүкіл әлем бойынша үлкен көңіл бөлінуде Жеке сектордың экологиялық және климаттық өзекті проблемаларды шешудің маңызды деңгейлерін қаржыландыру ауқымын кеңейтудегі рөлі айтарлықтай шешуші фактор болып табылады, ал "жасыл" қаржы секторы қаржы ағынының «жасыл» инвестициялар саласына ойысуына септігін тигізеді.

 

Париж келісіміне сәйкес, қазіргі уақытта жариялылықтың тұжырымдамалық негіздемелері мемлекеттік және жеке халықаралық қолдау үшін, соның ішінде климаттың өзгеруінің алдын-алу саласындағы жобаларды және нарықтық механизмдер сияқты бірлескен тәсілдемелерді қаржыландыру үшін жасақталады. Париж Келісімі ережелерінің жиынтығы 2018 жылға қарай дайын болуы тиіс. Жариялылықтың жаңа тұжырымдамалық негіздемелері климат саласындағы халықаралық қаржыландыруға арналған мониторинг және есептілікке қойылатын кешенді талаптарды жасақтауға көбірек мүмкіндіктер береді, сондай-ақ бұл талаптар Қазақстанның «жасыл» қаржы жүйесін дамытуда ескерілуі тиіс.

 

Қаржы секторы ұсынатын "жасыл" қаржы құралдары мен қызметтерінің әртүрлі типтерінің мысалдары, соның ішінде қаржы механизмдері, қаржы өнімдері, ұйымдастырушылық қолдаулар мен қызметтер төмендегі кестеде берілді:

 

«Жасыл» қаржыландыру мысалдары Құралдар
1. Қаржылық шешімдер  
Тәуекелдерді азайту және кредиттік рейтингті жақсарту Субординациялар, кепілдіктер, ықтимал шығындарды жабу резервтері
Мәміле жасау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету (масштабы) Своптарды қосу, дебиторлық берешекті оңай өткізілетін бағалы қағаздарға айналдыру, лизинг
Біріктіру, ынтымақтастық жөніндегі агент Энергия өткізу компаниялары, жергілікті банктер
2. Қаржы өнімдері  
Дәстүрлі банк өнімдері Кредит, акционерлік капитал
«Жасыл» қаржыландыру «Жасыл» облигациялар, «Жасыл» қорлар
Бірлескен инвестициялаулар Мемлекеттік және институттық инвесторлар, жеке қорлар
3. Нарықтың құрылымдық қолдауы  
Бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында акция бағаларын белгілеуді қолдау Экологиялық өнімдер саласындағы делдалдық (өткізілмеген көміртек шығарындылары түріндегі несиелер, шығарындыларға арналған квоталар, қайта өндірілетін энергия көздеріне арналған кредит)
Жариялылық Актив кластары және «жасыл» банк қызметі бойынша ақпаратты жария ету ережелерін ұстану, инвестор ақпаратын жариялауға қойылатын талаптары, ақпарат жария ету ережелерін сақтау қоймасының рөлі
Реттеу «жасыл» қаржыландыруға арналған ұлттық реттеу механизмдерін қолдау, халықаралық "жасыл" капитал нарықтарының каналы ретінде қызмет атқару
Стандарттар «Жасыл» облигациялар үшін жасақталған, әлеуметтік және экологиялық салалардағы тәуекелдерді басқару стандарттарын ұстану, ПГ шығарындыларын азайту хаттамаларын құру

 

 

«Жасыл» қаржыландыру құралдарының мысалдары

«Жасыл» облигациялар

«Жасыл» облигациялар облигацияларды басқарудың кез-келген типі болып табылады және олардан түскен табыстар оң экологиялық және/немесе климаттық пайдасы бар жобалар немесе инвестицияларды жаңа және/немесе қолданыстағы критерийлерге сәйкес қаржыландыру немесе қайта қаржыландыру үшін ғана пайдаланылатын болады. Баға құру жүйесі мен «жасыл» облигациялар бойынша табыстылық бұрынғысынша эмитент және оның дәстүрлі облигациялар рейтингін қайталап тұр. Дегенмен, мысалы, Климаттық облигациялар бойынша бастамалар аясындағы және "Жасыл" облигациялар саудасы принциптері аясындағы есептілік және жариялылық жөніндегі нұсқаулықтар, климаттық және «жасыл» облигацияларға арналған сертификация стандарттары мен талаптары жасақталу үстінде. Уақыт өте келе, инвесторлар климаттық тәуекелдерді сезініп, шығарындысы төмен көміртегіні дамыту мүмкіндіктерін түсіне бастаған кезде, "жасыл" облигациялардың сертификациясы мен есептілік саласындағы бастамалар "жасыл" облигацияларға деген сенімді күшейтіп, сондай-ақ баға құру жүйесіне ықпалын тигізеді.

 

Шығарындыларға арналған квоталар саудасы және көміртегі шығарындыларына арналған квоталар нарықтары

Шығарындыларға арналған квоталар саудасы атмофераға шығарылатын парник газдарының саны сияқты қоршаған ортаның ластауын бақылауға қатысты нарықтық тәсілдемесі болып табылады. Шығарындыларға арналған квоталар саудасының негізгі мотивациясы көміртегі шығарындыларының төмен деңгейі сияқты күтілетін экологиялық нәтижелерге қол жеткізудің экономикалық тиімділігін арттыру болып табылады. Түрлі салалар және өңірлерде шығарындылармен күрестің шығындарында айырмашылықтарының болуына байланысты қолданыстағы ережелерді қатайтудың орнына шығарындыларға арналған квоталардың белгіленген бағасын енгізу шығарындылардың азаюына септігін тигізеді.

 

Нарықтық схемалары әдетте екі санаттың біреуіне жатады: шығарындыларға арналған квоталар саудасы (сауда) және абсолютті шектеу схемасы және шығарындылар мен кредиттердің (несиелеу) негізгі деңгейін шектеу схемасы. Схеманың екеуі де қазіргі уақытта ұлттық және халықаралық деңгейлерде бүкіл әлем бойынша пайдаланылады. Шығарындыларға арналған квоталар саудасы жүйесі (EU ETS) немесе Шығарындыларға арналған квоталар саудасының қазақстандық жүйесі (К-ETS) сияқты Шығарындыларға арналған квоталар саудасы жүйесі шығарындыларға арналған квоталар саудасы және абсолютті шектеу схемасының мысалдары болып табылады, ондағы шығарындыларға арналған квоталар белгілі бір уақыт мерзімімен шектеліп, ал қатысушы ұйымдар өзара шығаратын квоталармен сауда жасай алады. Шығарындылардың және кредиттердің базалық деңгейін шектеу жүйесінің мысалы ретінде Киото хаттамасының шеңберіндегі «Таза» даму механизмін (ТДМ) алуға болады. Шығарындылардың және кредиттердің базалық деңгейін ерікті түрде шектеу схемасында шығарындыларды базалық деңгейден төмен қысқарту жобаларына кредит беріледі. Бұл несиелерді көміртегі қос тотығы шығарындыларға арналған квоталар саудасы нарықтарында сатуға болады және Шығарындыларға арналған квоталар саудасы жүйесі белгілі бір дәрежеде талаптарды қанағаттандыру үшін шығарындылар сауда-саттық жүйесінде пайдалануға болады. Қазақстанда сонымен қатар көміртегі шығарындыларына арналған квоталар саудасы жүйесі бар, оның аясында Шығарындыларға арналған квоталар саудасының қазақстандық жүйесінде (К-ETS) пайдалануға арналған Шығарындыларға арналған квоталар саудасы жүйесіне (ETS) қатыспайтын секторлардан түсетін ішкі кредиттерді құруға болады.