Команда

«Жасыл» қаржы жүйесі жобасын жасақтауға ЕҚДБ көміртегі қос тотығы шығарындылары квоталарының саудасы нарығын дамыту бағдарламасының жетекшісі Ян-Виллем ван де Вен (Jan-Willem van de Ven) басшылық жасайды.


Ян-Виллем ван де Вен

Ян-Виллем ван де Вен (Jan-Willem van de Ven) Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) тобына 2003 жылдың тамызында қосылды. Қазіргі таңда ол Көміртегі қос тотығы шығарындылары квоталарының саудасы нарығын дамыту бағдарламасының жетекшісі болып табылады. Бұл рөлге көміртегі қос тотығы шығарындылары квоталары қорын басқару, көміртегі қос тотығы шығарындылары квоталарының активтерін дамыту, техникалық қолдау көрсету, саясат және әлеуетті нығайту мәселелері бойынша диалогты бекіту жатады.

Ян-Виллемнің Орталық Америкадан бастап Шығыс Еуропаға дейінгі тұрақты энергетика жобаларын жасақтау саласындағы жиырма жылдан астам тәжірибесі бар. Ян-Виллем ЕҚДБ өз қызметін жүргізетін түрлі елдерде көміртегі қос тотығы шығарындылары квоталарының саудасы нарығының түрлі механизмдерін (соның ішінде бірлесе жүзеге асыру, таза даму механизмі (ТДМ), «жасыл» инвестициялар сызбасы мен шығарындыларды шын мәнін қысқарту операциялары) жасақтау және жүзеге асырудың жетекші сарапшысы болып табылады. Парник газдарының шығарындыларын қысқарту жобаларының диапазоны қуатты антропогендік орталарда тиімді пайдалану, қуаттың қайта өндірілетін көздерін пайдаланудан бастап өнеркәсіптік ауқымда қуатты тиімді пайдалану салаларын қамтиды.

Ол көміртегі қос тотығы шығарындылары квоталарының саудасы нарығы саласындағы саясат, климат саласын қаржыландыру, қуатты тиімді пайдалануға көмектесу және қуаттың қайта өндірілетін көздерін пайдалану мәселелері бойынша халықаралық диалогта белсенді рөлді атқарады. Қазақстанда және Украинада ЕҚДБ жобасын жүзеге асыру аймағында шығарындыларға берілетін квоталар саудасына дайындықты қамтамасыз ету (www.ebrdpeter.info қараңыз) және көміртегі қос тотығы шығарындылары квоталарының саудасының түрік нарығын дамыту (www.turkishcarbonmarket.com қараңыз) мысал бола алады. ЕҚДБ дейін ол Essent голландиялық қуат өткізу компаниясында инновациялар жөніндегі менеджер ретінде жұмыс істеді. Ол Эйндховен Технологиялық Университетінің (Eindhoven University of Technology) технологиялар және халықаралық қауымдастықты ғылыми дамыту саласындағы жаратылыстану ғылымдарының магистрі (M.Sc.) және Эйндховен Технологиялық Университетінің (Eindhoven Higher Technical School) бизнес-жобалау саласындағы техникалық ғылымдар (B.Eng) бакалавры дәрежесіне ие.


Астана Халықаралық Қаржы Орталығының жобадағы командасының өкілдері:


Айдар Қазыбаев — Басқарушы директор

Айдар Қазыбаев АХҚО шеңберіндегі «Жасыл» қаржы жүйесі жобасының бас үйлестірушісі болып табылады. Айдар Қазыбаевтың мемлекеттік қызметте 15 жыл және басшылық лауазымдарда 12 жыл, барлығы 18 жыл тәжірибесі бар. Ол жұмысын 1998 жылы Қазақстан Республикасы Стратегиялық агенттігінде бастап, содан кейін Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінде жалғастырды. 2007-2013 жж. аралығында Айдар Қазыбаев Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитетін басқарды, ол жерде ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығына Астананың өтінімін табысты алға жылжыту, шағын бизнесті дамытуға, әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына шекті бағаларды енгізуге жауапты болды. 2014-2015 жылдары ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры болып қызмет атқарды. Айдар Қазыбаев экономика бойынша кандидат дәрежесіне ие. Оның экономика және қаржы жөніндегі бірқатар ғылыми жұмыстары жарияланған.

Әсел Нұрахметова — Жасыл қаржы департаментінің директоры

Әсел Нұрахметова АХҚО тарапынан «Жасыл» қаржы жүйесі жобасының үйлестірушісі болып табылады. Ол Қазақстандағы мемлекеттік билік органдары мен үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық үшін жауапты. Әселдің саясат, сауда, экономика және қаржы салаларындағы 7 жыл, соның ішінде мемлекеттік қызметте 5 жыл және басшылық лауазымдарда 3 жыл тәжірибесі бар. Ол Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының басшысы ретінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен халықаралық конференцияларды ұйымдастыруға жауапты болды. Бұдан бұрын Әсел Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитетінде жұмыс істеді. Сауда комитетінде ол ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығына Астананың өтінімін табысты алға жылжыту үшін жауапты болды. Әсел 2005 жылғы президенттік «Болашақ» стипендиясының иегері болып, 2009 жылы Ланкастер университетін (Ұлыбритания) бітірген. Әселдің сауда саясаты жөніндегі бірқатар еңбектері «Экспортер» мамандандырылған журналында жарияланған.

Айгүл Кусалиева — Жасыл қаржы департаментінің бас менеджері

Айгүл Кусалиева АХҚО тарапынан «Жасыл» қаржы жүйесі жобасының үйлестірушісі болып табылады. Ол статистика және қаржы саласындағы есептілік, жобаларды талдау мен басқару саласындағы 6-жылдық жұмыс тәжірибесі бар стратегиялық және аналитикалық салаларындағы сарапшы болып табылады. Ол соңғы 4 жыл ұлттық статистика офисінде бас сарапшы ретінде қаржы шоты мен активтер мен пассивтер теңгерімі шеңберіндегі 2008-ҰШЖ енгізу үшін жауапты болды. Бұдан бұрын ол Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитетінде және Республикалық Дебатерлер Ассоциациясында жұмыс істеді. Айгүлдің экономикалық өсім және сауда саясаты тақырыптарындағы жарияланған бірнеше ғылыми еңбектері бар. Ол Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономика облысындағы бакалавр дәрежесімен бітірген, соған қоса оның KDI School of Public Poilcy and Management (Оңтүстік Корея) оқу орнынан мемлекеттік саясат облысындағы магистр дәрежесі бар.


Кеңесшілер консорциумы


GreenStream Network Ltd

Green Stream Network Ltd компаниясы — бұл кеңесшілік және қаржылық қызметтерді, сондай-ақ энергияны тиімді пайдалану және қайта өндірілетін қуат көздерін пайдалану қызметімен байланысты активтерді басқару қызметтерін ұсынатын финляндиялық компания болып табылады. GreenStream компаниясы саяси, қаржылық және техникалық аспектілерді жан-жақты көрсете білу нәтижесінде көміртегі қос тотығы мен энергияның қайта өндірілетін көздерінің эмиссияларының квота нарығы, соның ішінде шығарындыларға арналған квота саудасы нарығы саласындағы тәжірибесін саясатты жасақтау және талдау, сондай-ақ жобаларды іске асырудың ауқымды сарапшы тәжірибесімен үйлестіру қабілетіне ие. GreenStream компаниясының үкіметтермен және халықаралық қаржы ұйымдарымен көміртегі және қайта өндірілетін энергия көзі шығарындыларын шектеу, сондай-ақ саясатты, соның ішінде климат өзгеруінің жағымсыз зардаптарын жұмсартуға арналған нарық құралдары саласындағы саясатты талдауды орындау саласындағы өзара әрекеттесу жұмыс тәжірибесі мол. GreenStream компаниясының Хельсинки және Пекин қалаларында өкілдіктері бар. Қосымша ақпарат

Ecofys

1984 жылы «жалпыға бірдей қолжетімді тұрақты энергетика» миссиясын жүзеге асыру үшін құрылған Ecofys компаниясы энергияны тиімді пайдалану және қайта өндірілетін энергия көздерін пайдалану саласындағы, көміртегі шығарындыларын азайту, сондай-ақ энергетикалық жүйелер мен нарықтар, энергетика мен климат саласындағы саясат бойынша жетекші сарапшы ұйымға айналды. Осы салалар арасындағы бірегей синергия оның табыстылығын түсіну кілті болып табылады. Ecofys компаниясы бүкіл әлем бойынша мемлекеттік және корпоративтік клиенттермен ынтымақтастық орнатуға арналған интеллектуалдық, тиімді, практикалық және тұрақты шешімдерді жасақтайды. Ecofys компаниясы мемлекеттік сектордағы клиенттерге, соның ішінде үкімет пен онымен байланысты органдарға, үкіметтік емес ұйымдарға, қорлар мен институттарға қызмет көрсететін, бүкіл әлем бойынша дамыған және дамушы экономикалардағы сапалы зерттеулер мен есептілік саласындағы көшбасшы болып саналады. Ecofys компаниясының Нидерланд, Германия, Ұлыбритания және Бельгияда өз өкілдіктері бар. Қосымша ақпарат

EnEco Solutions

EnEco Solutions компаниясы Қазақстанда 2010 жылы сарапшылар тобының бастамасымен парник газдарының шығарындыларын реттеу және энергияны тиімді пайдалану саласындағы жобаларды жасақтау, халықаралық стандарттарды енгізу қажеттілігі мен маңыздылығы жөнінде хабардарлық деңгейін жоғарылату, сондай-ақ энергия тұтынуды түгендеу, тексеру және реттеу саласындағы мамандардың біліктілік деңгейін арттыру міндетін жүзеге асыру үшін құрылған болатын. Компания Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аясында Еуропа қайта құру және даму банкінің ресми консультанты болып табылады. EnEco компаниясы Ұлттық аккредиттеу орталығының Техникалық комитеті мен Қазақстан стандарттау институтының белсенді мүшесі болып табылады. Қосымша ақпарат

Катулл Хелмер (Catullus Helmer)

Катулл Хелмер — топ жетекшісі. Катулл -саясат және қаржы қиылысы саласындағы басшылық қызметтерден 15 жылдық тәжірибе жинаған білікті маман. Қазіргі уақытта ол қайта өндірілетін энергетика, ауыл шаруашылығы, экологиялық қызметтер мен әлеуметтік инфрақұрылым салаларындағы экономикалық тиімділігі жоғары инвестициялық жобаларға ден қоятын негізгі инвестициялық және экономикалық фирма болып табылатын Enovid LLP компаниясының бірлескен құрылтайшыларының және әріптестерінің бірі.Ол соңғы 7 жыл қатарынан инвестициялар, халықаралық қаржы және сыртқы байланыстарды дамытуға қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің аға кеңесшісі ретінде қызмет атқарды. Бұрын Катулл қызметінің басты бағыты Лондон, Гонконг және Алматы қалаларында шоғырланған компанияларда бірігулер мен қосылуларға негізделген инвестициялық банкир болып жұмыс істеді.

Кристиан Брюнинг (Kristian Brüning)

Кристиан Брюнинг — жобаның «жасыл» қаржыландыру мәселелері жөніндегі кеңесшісі. Кристиан «Climate Wedge Limited Oy» компаниясының негізін қалаушылардың бірі және директоры болып табылады. Ұлты финляндиялық болатын Кристиан көміртегілік және климаттық қаржыландыру саласындағы, экологиялық таза энергияны қаржыландыру, қаржылық кеңестер беру және энергетикалық технологиялар саласындағы 18-жылдық кәсіби тәжірибені жинақтаған. Ол жаңа экологиялық стандарттармен және құралдармен басқарылатын инвестициялаудың «жасыл» механизмдерін дамытуға ден қоятын қаржы сарапшысы болып табылады. Кристиан «жасыл» қаржыландырудың инновациялық құралдары, соның ішінде «жасыл» облигациялар мен активтерді қорғау мәселелері бойынша маманданған. Қазіргі таңда ол стандартты климаттық облигацияларға арналған ғылым және технологиялардың негіздемелік тұжырымдамасын дамыту жөніндегі «Климаттық облигациялар бойынша бастамалар» бағдарламасының аға кеңесшісі болып жұмыс істейді. Қосымша ақпарат