Күнтізбелік жұмыс жоспары

2016
2017
Қараша
Желтоқсан
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Сәуір
Мамыр
Маусым
Шілде-Қыркүйек
Бастапқы кезең
Жасақтау, қарау және талдау кезеңі
Тарату кезеңі



Бастапқы кезең

Бастапқы кезеңде жобалаушылар тобы Қазақстанның "Жасыл" қаржы жүйесін дамытуға әлеуеті мен әзірлігін бағалау мақсатында Қазақстанда бастапқы миссиясын іске асырумен айналысатын болады. Жобалаушылар тобы сондай-ақ халықаралық тәжірибе мен озық практикаларға жан-жақты талдау жасайды.



Жасақтау, қарау және талдау кезеңі

Жасақтау, қарау және талдау кезеңінде жобалаушылар тобы 2030 жылға дейінгі инвестициялар мен қызметтерге деген сұранысты бағалау үшін экономикалық және қаржылық модельді құрып, сонымен қатар Қазақстанның қаржы секторының инвестициялық мүмкіндіктері мен қызметтерін қамтамасыз ету мақсатында қаржылық саясаттарды, ережелер мен бақылау әдістерін, ұсынбаларды толықтай талдау құжатын дайындайды. Бұл кезеңнің нәтижелері Қазақстандағы "Жасыл" қаржы жүйесіне арналған модельдер мен жол картасынан көрініс табатын болады.



Тарату кезеңі

Соңғы тарату кезеңінде жобаның жүзеге асырылуының нәтижелері тиісті мүдделі тараптар арасында ортаға салынатын болады. Бұл топ қорытынды есеп пен қосымша жарнама материалын дайындайды. Қорытындылай келе, жобаның жүзеге асырылуының нәтижелері «Болашақ энергетикасы» тақырыбына арналған "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінде, Астана қаласында өтетін "Жасыл" қаржы жүйесі" семинарында назарға ұсынылмақ.