Жобаның мақсаты мен міндеттері

Қысқаша ақпарат

Қазақстан Республикасы энергияны тиімді пайдалану және қайта өндірілетін энергия көздерін пайдалану саясатымен қатар, Шығарындыларға арналған квоталар саудасының қазақстандық жүйесін (K-ETS) жасақтау және дамытумен қоса, «Жасыл» экономика тұжырымдамасын қолдау үшін нормативтік-құқықтық реформалар жүргізуде айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Сонымен қатар 2015 жылдың қыркүйек айында Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) қолдауымен Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы Негіздемелік конвенциясының (БҰҰ КӨНК) ұлттық деңгейде анықталатын өзіндік болжамды үлесін (NDC) назарға ұсынған болатын. 2015 жылдың тамызында Қазақстан Климаттың өзгеруі туралы Париж келісіміне қол қойды.

 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) «Жасыл» қаржы жүйесінің тұжырымдамасын жобалау және дамытуға қолдау көрсету үшін ЕҚДБ көмегіне жүгінді. Қазақстан Республикасы «жасыл» қаржыландыру саласындағы аймақтық орталыққа айналуға ұмтылады. Қазақстанның «жасыл» қаржы жүйесі Қазақстандағы «жасыл» экономикаға қосымша инвестициялық қолдау көрсететін болады. Бұл сұраныс «жасыл» инвестициялар кеңістігінің аясындағы өсімнің орасан зор әлеуетіне қарамастан, Қазақстанда «жасыл» экономиканы дамытуға қаржы секторының құлшыныс білдірмеуіне қайшы болып табылады. Сонымен қатар қаржы секторы Шығарындыларға арналған квоталар саудасының қазақстандық жүйесі сияқты дамушы «жасыл» нарықтарға қызмет көрсетуде маңызды рөл атқара алады.

 

Мақсаты

Жобаның жалпы мақсаты Қазақстанға Ұлттық деңгейде анықталатын өзіндік болжамды үлесінде (NDC) және «Жасыл» экономика тұжырымдамасында белгіленген өрелі міндеттерді орындау мүмкіндіктерін ұсыну болып табылады. Мақсаты сол — ішкі және халықаралық «жасыл» қаржының жеткілікті көлемін жұмылдыру, көміртегі шығарындыларының деңгейі төмен технологияларға инвестиция құю үшін талап етілетін қаржы қызметтерінің кеңістігін құру және энергия мен энергияның қайта өндірілетін көздерін тиімді пайдалану қажет. Жоба Қазақстанда «Жасыл» қаржы жүйесін дамыту сценарийлері мен оны жүзеге асырудың бірқатар болжамдары мен нұсқаларынан тұратын есептер мен үкімет үшін сенімді аналитикалық модель болып табылады. Жоба үшін дайындалған құжаттаманы қарастыру және ұсынбаларды құру мақсатында халықаралық кеңесшілер алқасы құрылды. Кеңесшілер алқасының мақсаты -жоба аясында орындалған жұмыстарды халықаралық деңгейде таныту.

 

Жоба үш кезеңге бөлінеді: А. Бастапқы кезеңі, Б. Жасақтау, қарау және талдау кезеңі, В. Қарау кезеңі.

 

Міндеттері

Бастапқы кезеңде жобалаушылар тобы Қазақстанның «Жасыл» қаржы жүйесін дамытуға әлеуеті мен әзірлігін бағалау мақсатында Қазақстанда бастапқы миссиясын іске асырумен айналысатын болады. Жобалаушылар тобы сондай-ақ халықаралық тәжірибе мен озық практикаларға жан-жақты талдау жасайды.

 

Жасақтау, қарау және талдау кезеңінде жобалаушылар тобы 2030 жылға дейінгі инвестициялар мен қызметтерге деген сұранысты бағалау үшін экономикалық және қаржылық модельді құрып, сонымен қатар Қазақстанның қаржы секторының инвестициялық мүмкіндіктері мен қызметтерін қамтамасыз ету мақсатында қаржылық саясаттарды, ережелер мен бақылау әдістерін, ұсынбаларды толықтай талдау құжатын дайындайды. Бұл кезеңнің нәтижелері Қазақстандағы «Жасыл» қаржы жүйесіне арналған модельдер мен жол картасынан көрініс табатын болады.

 

Соңғы тарату кезеңінде жобаның жүзеге асырылуының нәтижелері тиісті мүдделі тараптар арасында ортаға салынатын болады. Бұл топ қорытынды есеп пен қосымша жарнама материалын дайындайды. Қорытындылай келе, жобаның жүзеге асырылуының нәтижелері «Болашақ энергетикасы» тақырыбына арналған «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде, Астана қаласында өтетін «Жасыл» қаржы жүйесі семинарында назарға ұсынылмақ.