«Астана» Халықаралық қаржы орталығы мен Casablanca Finance City Authority жасыл қаржы мен ислам қаржысын дамытуға, бір-бірін Африка және ТМД нарықтарында ілгері жылжытуға келісті

29.09.2017

28 қыркүйек 2017жыл                                                                Марокко

 

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен Casablanca Finance City Authority жасыл қаржы мен ислам қаржысын дамытуға байланысты Меморандумға қол қойды.

Құжатқа «Астана» Халықаралық қаржы орталығы Басқарушысы Қайрат Келімбетов пен Casablanca Finance City Authority Басқарма төрағасы Саид Ибрагими қол қойды.

Меморандумға сәйкес, АХҚО мен Casablanca Finance City Authority капитал нарығы, активтерді басқару, исдам қаржыландыруы, жасыл қаржы, қаржы технологиялары мен адам капиталын дамыту салаларында бірігіп жұмыс істейді.

Ынтымақтастық шеңберінде Тараптар ақпаратпен, экспертизамен алмасып, бір-бірін Африка, ТМД нарығында ілгері жылжытуға, ғылыми-білім іс-шараларын ұйымдастырып, бірге өткізуге келісті.

АХҚО Басқарушысы Қ.Келімбетов, сонымен қатар, әлемнің әр түкпірінен қаржы орталықтарын өз алаңына жинаған «Орнықты экономика мәселелеріне арналған қаржы орталықтарының халықаралық жиналысына» қатысты.

Жиынға Еуропа, Азия, Африка, Таяу Шығыс қаржы орталықтарының басшылары, орнықты даму мен жасыл қажы саласындағы халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Конференцияға Жапонияның жасыл қаржы ұйымы (Green Finance Organisation of Japan), Жапонияның жасыл Қоры басқарушы компаниясы, Z/Yen ұйымы (қаржы орталықтарының бәсекеге қабілеттілігі рейтингін жасайтын ұйым), сонымен қатар, БҰҰ жауапты инвестиция Принциптері бастамасы, БҰҰ Қоршаған орта Бағдарламасының Қаржылық бастамасы, орнықты биржалар бойынша БҰҰ Бастамасы (SSE), және өзгелер қатысты.

Жиын барысында айрықша көңіл жасыл қаржыға бөлінді.

«Қоршаған орта мәселелеріне айрықша көңіл аударатын Қазақстан Киото протоколына ең алғаш рет қол қойған елдің бірі, Париж келісіміне ратификация жасады. Жасыл қаржыға үлкен қаржы жұмсалуының қажеттілігіне қарамастан, бұл сала бәсекеге қабілетті бола алады. Қазақстан экономикасының жаңа драйвері Астана «Халықаралық қаржы орталығы» осы салада жұмыс істейді және өзінің негізгі стратегиялық бағыты ретінде жасыл қаржыны айқындады», деді Қ.Келімбетов.

АХҚО Басқарушысы конференция қатысушыларын АХҚО қызметі, оның негізгі даму бағыттары және инвесторларға деген басымдықтарынан хабардар етті.

Жиын қорытындысы бойынша Тараптар «Тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша қаржы орталықтарының Декларациясын» (Casablanca Statement on financial centres for sustainability) қабылдады. Декларация бойынша тараптар қаржы орталықтарында жасыл қаржыландыруды ілгерілету, осы салада біліммен бөлісу, жасыл активтер мен өнімдерді кеңейту бойынша бірлесіп қызмет атқаруға келісті.

Мұнан өзге, Декларация бойынша орнықты экономика мәселелеріне бағытталған қаржы орталықтарының халықаралық жүйесі іске қосылды, оның ең алғашқы жиыны Италияда 2018 жылы өтеді деп жоспарланып отыр. 2019 жылғы кездесуді АХҚО-ның ықпалдастық танытуы арқылы 2019 жылы Қазақстанда өткізу ұсынылды.

 

Ақпарат үшін:

 

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады.

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

 

Casablanca Finance City Authority. Экономикалық және қаржылық хаб. Солтүстік, Орталық және батыс Африкаға халықаралық инвесторларды тарту, Касабланканы (Мароккодағы қала) осы мақсаттағы аймақтың «терезесі» етуге бағытталған. Casablanca Finance City Authority экожүйесінің негізгі даму бағыттары: қаржы компаниялары, кәсіби ұызмет жабдықтаушылары, трансұлттық корпорациялардың халықаралық штаб-пәтерлері.

 

Декларация