Астанадағы алғашқы семинар, 3 мамыр 2017 ж.

12.05.2017

ЕҚДБ және АХҚО сарапшылары «жасыл» қаржылық жүйе жобасының кеңесшілерімен бірге Қазақстан Республикасындағы ағымдық «жасыл» жобаның жай-күйіне қатысты ақпаратты жинау мен талдаудың алғашқы нәтижелерін ұсыну мақсатында Астанада бірінші семинарды ұйымдастырып, өткізді. Оған қатысушылар келесі тақырыптарды талқылады:

  • Қазақстанның «жасыл» экономика саласындағы өз міндеттемелерін орындауға қабілеттілігі мен әлеуетін бағалау;
  • Қазақстанның «жасыл» қаржылық жүйесіне арналған жол картасын жасақтау;
  • Қазақстанның «жасыл» қаржылық жүйесіне арналған  «Kickstarter» платформасына ұқсас эталондық қаржылық құралды жасақтау.

Жобалаушы команда АХҚО, Қазақстан Республикасындағы Энергетика министрлігіндегі, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингтегі, Қазақстанның Даму банкіндегі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорындағы және «Жасыл академия» ғылыми-зерттеу және білім беру орталығындағы мүдделі тараптармен кездесті.