Қазақстанның «Жасыл» қаржы жүйесі

Қазақстан Республикасы «жасыл» қаржыландыру саласындағы аймақтық орталық болуға ұмтылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Еуропа қайта құру және даму банкісі (ЕҚДБ) «Астана» халықаралық қаржы орталығына (АХҚО) «Қазақстанның „Жасыл“ қаржы жүйесі» атты жобаның аясында қолдау көрсетеді. Жобаны Финляндияның Жұмыспен қамту жөніндегі министрлігі мен Экономика саласындағы техникалық ынтымақтастық қорының көмегімен Финляндия қаржыландырады.

Әрі қарай оқу
«Жасыл» облигацияларды шығару, "жасыл" сақтандыру институтын енгізу, "жасыл" банк құру – бұл АХҚО алаңында пайдаланылуы мүмкін бірнеше мүмкіндіктер ғана. Мен Орталықтың аясында бұл бағыттың дамуының болашағы зор деп ойлаймын».


Нұрсұлтан Назарбаев
27 мамыр 2016 жыл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік
инвесторлар кеңесінің 29-шы пленарлық отырысы
Астана қ., Тәуелсіздік сарайы

"Астана" Халықаралық қаржы орталығы атынан «жасыл» экономикаға жаһандық көшу тұрғысынан бәріміз үшін өте маңызды болып табылатын Қазақстанның «Жасыл» қаржы жүйесі виртуалды платформасына қош келдіңіздер...


"Астана" Халықаралық Қаржы Орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовтің алғы сөзі
Астана қаласы
Желтоқсан, 2016 ж.

Жаңалықтар archive
«Астана» Халықаралық қаржы орталығы мен Casablanca Finance City Authority жасыл қаржы мен ислам қаржысын дамытуға, бір-бірін Африка және ТМД нарықтарында ілгері жылжытуға келісті

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы мен Casablanca Finance City Authority жасыл қаржы мен ислам қаржысын дамытуға байланысты Меморандумға қол қойды. Құжатқа «Астана» Халықаралық қаржы орталығы Басқарушысы Қайрат Келімбетов пен Casablanca Finance City Authority Басқарма төрағасы Саид Ибрагими қол қойды.

29.09.2017
"Қазақстан Республикасына арналған "Жасыл" Қаржы Жүйесі" жобасының аясындағы қорытынды семинар. Өтетін орны: 4 қыркүйек, 2017, 15:00 -18:00, Wyndham Garden Astana, Астана қ., Қазақстан Республикасы

АХҚО "Астана ЭКСПО-2017" шеңберіндегі "Болашақ энергиясы" Форумын жүргізу аясында Wyndham Garden Astana ғимаратында "Қазақстан Республикасына арналған "Жасыл" Қаржы Жүйесі" жобасының нәтижелері бойынша қорытынды семинар ұйымдастырады.

31.08.2017
Астанадағы алғашқы семинар, 3 мамыр 2017 ж.

ЕҚДБ және АХҚО сарапшылары «жасыл» қаржылық жүйе жобасының кеңесшілерімен бірге Қазақстан Республикасындағы ағымдық «жасыл» жобаның жай-күйіне қатысты ақпаратты жинау мен талдаудың алғашқы нәтижелерін ұсыну мақсатында Астанада бірінші семинарды ұйымдастырып, өткізді. Оған қатысушылар келесі тақырыптарды талқылады...

12.05.2017

Қазақстандық жобаға арналған «Жасыл» қаржы жүйесі туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы қуатты және қуаттың қайта өндірілетін көздерін тиімді пайдалану саясатымен қатар «Жасыл» экономика тұжырымдамасын қолдауға арналған нормативтік-құқықтық реформаларды, соның ішінде Шығарындыларға берілетін квоталар сауда-саттығының қазақстандық жүйесі (К-ETS) жасақтау мен дамытуда мардымды ілгерілеуге қол жеткізді. Сондай-ақ Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) қолдауымен 2015 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының климат өзгерістері жөніндегі негіздемелік конвенциясы (БҰҰ КӨНК) бойынша өзінің Болжамды ұлттық салымын (NDC) ұсынды. 2016 жылдың тамыз айында Қазақстан Климат өзгерістері туралы Париж келісіміне қол қойды.

 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) ЕҚДБ-не «Жасыл» қаржы тұжырымдамасын жасақтау және жүйесін дамытуға қол ұшын беру туралы өтінішпен жүгінді. Қазақстан Республикасы «жасыл» қаржыландыру саласындағы аймақтық орталық болуға ұмтылады. Қазақстанның «жасыл» қаржылық жүйесі Қазақстанның «жасыл» экономикасына инвестициялар енгізуде қосымша қолдау көрсететін болады. Бұл сұраныс «жасыл» инвестициялар кеңістігінің аясындағы өсім әлеуетінің үлкен болуына қарамастан «жасыл» экономиканы дамытуда Қазақстанның қаржылық секторының қатысуын шектеу туралы тұжырымға қайшы келеді. Сонымен қатар қаржы секторы Шығарындыларға берілетін квоталар сауда-саттығының қазақстандық жүйесі сияқты, дамып келе жатқан «жасыл» нарықтарға қызмет көрсетуде маңызды рөл атқаруы мүмкін.

 

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» кәшуі жәніндегі тұжырымдама

 

Веб-сайттың ЕҚДБ және АХҚО үшін арнайы дайындалғанына назар аудару қажет және бұл ақпарат үшінші тұлғаларға тек иллюстрация ретінде ұсынылуы тиіс. ЕҚДБ осы веб-сайтта баяндалған ақпараттың дәлдігі мен толықтығына қатысты ешқандай анық немесе болжамды түрде мәлімдеме жасамайды және кепілдік бермейді. ЕҚДБ веб-сайттағы кез-келген ақпаратқа ешқандай тәуелсіз тексеру жүргізбеген және ЕҚДБ веб-сайттағы кез-келген ақпарат немесе оған қатысты кез-келген бұрмалаушылықтар немесе олқылықтар үшін ешқандай жауапкершілік көтермейді.

Біздің серіктестеріміз

Фонд сохранения биоразнообразия КазахстанаKAZENERGY